«Әнмен тербелеген ғұмыр» атты сыр кеші өткізілді.
29 сәуір күні Абай ауылдық кітапханасында Дәнеш Рақышев туғанына 100 жыл толуына орай «Әнмен тербелеген ғұмыр» атты сыр кеші өткізілді. Кеш барысында әншінің өмір жолы, өнердегі биік белестері, қазақ музыкасына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен таныстырылды. Оқырмандар Дәнеш Рақышев орындауындағы халық әндері мен сазды мұралары туралы мәлімет алып, оның шығармашылық әлеміне терең бойлады.



