» Ән – жырым саған туған жер» атты поэзия сағаты өтті.
15 сәуір күні Белбасар ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті ақын, сыршыл лирик, халық жазушы Тұманбай Молдағалиевтің – 90 жыл мерейтойына орай » Ән – жырым саған туған жер» атты поэзия сағаты өтті. Кеш барысында кітапханашы жазушы, ақын Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында баяндама оқып, оқушылар ой бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды. Сонында кітапханашы ақынның шығармаларымен таныстырды.




