«Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» тақырыбында сазды кеш өтті.

6 шілде күні 6 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай орталық кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ән домбыра, жыр домбыра, күй домбыра» тақырыбында сазды кеш өтті. Ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттауға бағытталған шараға кітапхананың белсенді оқырмандары, өнерге жақын жастар қатысты.

Мақсаты – ұлттық мұрамыз саналатын домбыраның қадір-қасиетін, оның тарихы мен халқымыздың рухани өміріндегі орнын жас буынға таныту.

Аталмыш шара барысында кітапханашы домбыраның шығу тарихы, құрылымы және күйлердің мазмұны жайында кеңінен әңгімелеп, ұлттық аспаптың тәрбиелік маңызын тілге тиек етті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары өнер көрсетіп, Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» шығармаларын орындап, қазақтың күмбірлеген күйлерін тарту етті. Шара соңында кітапхана қызметкерлері «Домбыра», «Қазақстан» әнін орындады.

Возможно, это изображение 1 человек и текст