«Әлемге әйгілі «Ерке сылқым»» өнер сағаты өтті.

30 қыркүйек күні Белбасар ауылдық кітапханасында «Әлемге әйгілі «Ерке сылқым»» өнер сағаты өтті.

Іс-шара барысында қазақтың күй өнері, оның халықтың рухани мәдениетіндегі орны туралы мағлұмат берілді. «Ерке сылқым» күйінің шығу тарихы мен көркемдік ерекшелігі таныстырылып, күй өнерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мұра екені айтылды.Оқушыларға күй тыңдатып, ұлттық музыкаға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік. Өнер сағаты оқырмандардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, қазақтың дәстүрлі өнерін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.