«Әлемге әйгілі «Ерке сылқым»» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
29 қыркүйек күні Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі, күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Әлемге әйгілі «Ерке сылқым»» атты өмірбаяндық шолу өткізілді.
Іс-шара барысында Әбдімомын Желдібаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылып, оның қазақтың күй өнеріне қосқан зор үлесі туралы айтылды. Композитордың халық арасында кеңінен танылған шығармаларының бірі – «Ерке сылқым» күйінің шығу тарихы мен өнердегі орнына ерекше тоқталды.
Шараның басты мақсаты – ұлы күйші-композитордың шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық өнерді дәріптеу және жас ұрпақтың бойына қазақтың дәстүрлі өнеріне деген құрмет пен қызығушылық қалыптастыру.
Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат, күй – халықтың рухани қазынасы!


