«Әке отбасы тірегі» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді.
19 маусым күні №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлері «Әке отбасы тірегі» дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстел барысында әкенің қоғамдағы орны, бала тәрбиесіндегі маңызы, отбасы бірлігін нығайту жолдары туралы айтылды.Шараға ардақты әке Барбаев Қайрат Қырықбайұлы қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады.




