«Әйел — ана, Әйел — жар, Әйел — бақыт» атты көрмеге тағылымды шолу жасады.

6 наурыз күні №1 Шу қалалық кітапханасында көктемнің алғашқы мерекесіне арналған шуақты кездесу өтті. Кітапхананың тұрақты оқырмандары мен аяулы «Әжелер» клубының мүшелері бас қосқан кеш жоғары деңгейде өтті. Кеш шымылдығы «Қамажай» биімен ашылып, кітапханашылар «Әйел — ана, Әйел — жар, Әйел — бақыт» атты көрмеге тағылымды шолу жасады.

Рабиға Нұртаева мен Жанар Еркешованың орындауындағы әуезді әндер жиналған қауымды тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шара соңында ардақты әжелерімізге құрмет көрсетіліп, иықтарына орамал жабылып, сый-сияпат жасалды. Ақ жаулықты аналарымыз риза болып, ақ баталарын берді.

Мереке құтты болсын, аяулы аналар!