«Әділдік пен парасаттың символы» атты тарихи шолу өтті.
21 қыркүйек күні орталық кітапхананың «Білім» орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ халқының тарихында өзіндік орны бар ел басқарған би, көреген тұлға Бәйдібек би Қарашаұлының 670 жылдық мерейтойына орай «Әділдік пен парасаттың символы» атты тарихи шолу өтті.
Іс-шара барысында Бәйдібек бидің өнегелі өмірі, ел басқарудағы даналығы, әділдігі мен тарихи тұлғасы кеңінен таныстырылды. Оның ел бірлігін сақтаудағы тағылымды жолы мен ұрпаққа қалдырған өнегесі туралы мағлұматтар берілді.



