«Әдептілік-адамгершілік белгісі» атты тәрбиелік дәріс өткізілді.

16 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен кітапхана жоспарына сәйкес оқырмандар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау мақсатында «Әдептілік-адамгершілік белгісі» атты тәрбиелік дәріс өткізілді.

Дәріс барысында әдептілік пен адамгершілік туралы ойлар айтылып, ұлы ойшылдардың нақыл сөздері оқылды.

Оқырмандар тақырыпқа байланысты пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ өмірден алынған мысалдар келтіріліп, тәрбиелік мәні зор әңгімелер қозғалды.