«Абылай хан-ерлік дәуірдің ерен тұлғасы» тақырыптық кеш өтті.

20 сәуір күні Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Абылай хан-ерлік дәуірдің ерен тұлғасы» тақырыптық кеш өтті.

Шара барысында Абылай ханның XVIII ғасырдағы қазақ елінің тәуелсіздігін сақтаудағы рөлі, Қазақ-жоңғар соғыстары кезіндегі ерлігі мен даналығы туралы айтылды. Оның ел бірлігін нығайтудағы еңбегі ерекше атап өтілді.