«Абайлаңдар балалар» атты тәрбие сағаты өтті.

5 маусым күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Абайлаңдар балалар» атты тәрбие сағаты өтті. Шара барысында жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің түрлері және оның не үшін қажет екендігі, бағдаршамның жол белгілерінің атқаратын қызметі жайлы және жас жол жүргіншілеріне, барлығымызға ортақ қойылған жолдағы тәртіпті бұзбаулары туралы айтылды.