“Абайды оқы жалықпа” атты оқу марафоны өтті.

8 тамыз күні 10 тамыз-Абай күніне орай Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Абайды оқы жалықпа” атты оқу марафоны өтті. Шара барысында кітапханашы ұлы жазушының өмір жолына, шығармашылығына кеңінен тоқталып, қатысушылар өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Кеш соңында “Қазақ әдебиетінің ғажайып тұлғасы” атты кітап көрмесіне шолу жасалды.