“Абайды оқы, таңырқа!” атты әдеби караоке өтті
10 тамыз күні Абай күніне орай Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен “Абайды оқы, таңырқа!” атты әдеби караоке өтті. Шара барысында кітапханашы ұлы ақынның өмір жолына, шығармашылығына кеңінен тоқталып, кітапхана оқырмандары өлеңдерін жатқа айтып, Бірлік ауылдық клубының жанынан құрылған домбыра үйірмесінің жетекшісі Б.Белеков “Көзімнің қарасы” әнін нақышына келтіре домбыраның сүймелдеуімен орындады.



