“Абай – рухани әлемінің кеңістігі” атты тәрбие сағаты өтті.
21 мамыр күні Тасөткел ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Абай Құнанбаев 180 жыл мерейтойына орай Ш.Мұртаза орта мектебінің оқушыларының қатысуымен “Абай – рухани әлемінің кеңістігі” атты тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып білуге, танып түсуге ынталандыру. Абай атамыздың өмірбаянымен танысып, Абай – өзіне дейінгі адамгершілік ілімінің өзіндік үлгісі мен танымын жасаған жаңашыл, ойшыл ақын.
Оқушылар тапсырма орындауда белсене қатысып, ақыннын қара сөздерін талқыға салып, өз ойларын айтты. Кітапхана қызметкері «Абай әлемі» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды, көрмеге Абайдың кітаптары, өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер қойылды.


