Абай поэзиясы – әлем әдебиетінің жауһары” атты әдеби кеш өтті.

7 тамыз күні Кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен 10 тамыз – Абай күніне орай “Абай поэзиясы – әлем әдебиетінің жауһары” атты әдеби кеш өтті. Кеш барысында бөлімнің тұрақты оқырманы Қасымқұлов Болатхан Абайдың “Сегіз аяқ” әнін орындаса, М.Әуезов, Абай, Е.Бекмаханов атындағы орта мектептің оқушылары Уашірехан Е, Ержан Н, Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқыды. Уашірехан Сағадат “Қалың елім қазағым, қайран жұртым”, Бірінші сөз, “Ғылым таппай мақтанба”, “Күз”, Айдар Алижан “Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай”, Он бесінші сөз, Қалығұл Інжу “Қыс” атты өлеңдерін мәнерлеп оқып қалың көрермендерге тарту етті. Мақсаты: Ұлы Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын жас ұрпақтың жүрегіне терең бойлатып, Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту, “ Сөз патшасы – өлең” құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңіру, ой- қиялдарын поэзия, әлеміне енгізу – Ғұлама, Абай мұрасын нақыл сөздерінің ой-толғауларын насихаттап мол мағлұмат беру.