«Абай оқулары» байқауы өткізілді.

8 тамыз күні Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Шу қалалық мәдениет үйінде, Қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, оқырмандарды Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен ақын Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай оқулары» байқауы өткізілді. Абай өлеңін жан тәнімен, ыстық жүректерімен сүйетін оқырмандар сайысқа қатысып, қазақтың ұлы ақыны Абай атамыздың жырларын оқыды. Кеш барысында ақын өлеңдерін бүкіл әлем Абай – деп жырлағандай оқушылар да Абай атамыздың мәңгі өлмейтіндігін арқау етті.

Байқау 2 кезеңнен тұрды. І – кезең «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» Абай шығармаларын, білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін жатқа мәнерлеп оқу; ІІ – кезең «Абайды тану – адамды тану» Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап беру;

Сайысқа төрелік ететін әділқазылар алқасының шешімімен “Бас жүлдені” Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қасымбек Ислам Ғабитұлы ие болса, «І орын» Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ертайқызы Еркеназ , «ІІ орын» Мойынқұм ауылы Мойынқұм атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Аман Ақнұр Қанатбекқызы, «ІІІ орын» Макаренко атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы Әбілхан Бекзат Бауыржанұлы жеңіп, алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шара соңында «Абай мұрасы – халық қазынасы» атты кеңейтілген кітап көрмесі және кітап инсталляциясы, фото көрмелер ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды. Абайдың ұлылығын, оның поэзиясы мен тереңдігін оқырманға ұғындыруға арналған байқау әсерлі өтті.