«Абай мұрасы-халық ұлағаты» тақырыбында әдеби караоке ұйымдастырылды.
10 тамыз күні Бірлікүстем ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен 10 тамыз – Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Абай мұрасы-халық ұлағаты» тақырыбында әдеби караоке ұйымдастырылды.
Мақсаты: ұлы ақынның данышпан,білімдар,адамгершіл,әділетті,сондай-ақ қазағын қалтқысыз сүйген елжанды тұлға екендігін насихаттау, шығармашылығын таныстыру.Туған халқының дара туған перзентіне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-шара барысында кітапханашы Абай мұраларына тоқталып,қатысушы оқырмандар ән ырғағымен өлеңдерін жатқа оқып берді.
Кеш соңында «Абай мұрасы-мәңгілік» кітап көрмесіне шолу жасалды.



