«Абай дара – Абай дана қазақта» атты танымдық байқау өткізілді.
27 қараша күні Мойынқұм ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы, философы, композиторы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай дара – Абай дана қазақта» атты танымдық байқау өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар хакім Абайдың бай әдеби мұрасын насихаттап, оның терең мағыналы өлеңдері мен ғибратты қара сөздерін мәнерлеп оқыды.
Байқау нәтижесінде:
– *1-орынды* – Аман Ақнұр,
– *2-орынды* – Манатай Аяулым,
– *3-орынды* – Досым Руслан иеленіп, арнайы марапаттарға ие болды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, қазақ әдебиетінің рухани темірқазығы саналатын Абай шығармаларын кеңінен насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру болды.




