«Абай әлемінің жанашыры – Қайым» атты әдеби вернисаж өтті.
16 қаңтар күні Сауытбек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, абайтанушы, драматург, профессор Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Абай әлемінің жанашыры – Қайым» атты әдеби вернисаж өтті.
Кітапханашы оқырмандарға Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылыми-шығармашылық мұрасын насихаттап, оның қазақ әдебиеті мен абайтануға қосқан үлесін терең таныстырды.



