«Абай ұлттық санамыздың терегі» атты әдеби сағат өткізілді.
8 тамыз күні Еңбекші ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Еңбекші орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай ұлттық санамыздың терегі» атты әдеби сағат өткізілді.
Мақсаты: Ұлы ақын шығармаларын талдай отырып, Абайды жан-жақты таныту және оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір — қасиетін ұғындыру болып табылды.

