«Жұмекен – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты сыр сандық өткізілді.
7 наурыз күні «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында әдебиетімізде өзіндік қолтаңбаларын қалдырған екі автордың шығармаларын бүкіл ел болып оқитын боламыз. Олар Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденов – бұл есімдер қазақ әдебиеті мен мәдениетінің тарихында мәңгі қалады. Сауытбек ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын кейінгі жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Жұмекен – қазақ поэзиясының алтын сандығы» атты сыр сандық өткізілді. Жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы толық мәлімет беріп, оқушылар сандыққа жасырылған сұрақтарға жауап берді. Соныңда оқырмандарға кітап көрмесі таныстырылды.

