,,Қазақ жырының Қадірі” тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

15 қаңтар күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Саттар Естемесов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен,»Тарлан» сыйлығының «Парасат” орденінің иегері,қазақ әдебиеті үшін өшпес із қалдырған ақын

Ана тілің арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте – деп жырлаған ақын Қадір Мырзалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай ,,Қазақ жырының Қадірі” тақырыбында танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында ақынның кітап қорындағы «Домбыра”, «Жерұйық”, «Қызыл кітап” т.б кітаптарынан өлең жолдары оқылып,өмір жолына шолу жасалынды.

Возможно, это изображение 27 человек, люди учатся, стол и текст