,,Қазақ жырының Қадірі” тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
15 қаңтар күні Көкқайнар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Саттар Естемесов мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен,»Тарлан» сыйлығының «Парасат” орденінің иегері,қазақ әдебиеті үшін өшпес із қалдырған ақын
Ана тілің арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте – деп жырлаған ақын Қадір Мырзалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай ,,Қазақ жырының Қадірі” тақырыбында танымдық сағат өткізілді.Іс-шара барысында ақынның кітап қорындағы «Домбыра”, «Жерұйық”, «Қызыл кітап” т.б кітаптарынан өлең жолдары оқылып,өмір жолына шолу жасалынды.

