«Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы» атты өнегелі сағат ұйымдастырылды.
1 шілде күні Көктөбе ауылдық кітапханасында 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Қазақтың ұлттық қасиетті аспабы» атты өнегелі сағат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға домбыраның шығуы туралы аңызды баяндап, қазақтың күй өнерін биік деңгейге көтерген ұлы күйші-композиторлар Құрманғазы, Дәулеткерей және күй анасы Дина Нұрпейісова туралы танымдық мәліметтермен бөлісті.
Сонымен қатар кітапхананың тұрақты оқырмандары Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және халқымыздың мәдени мұрасын насихаттау.




