«Бар мейіріміміз – балаларға» атты сурет байқауы өткізілді.
1 маусым күні Балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бар мейіріміміз – балаларға» атты сурет байқауы өткізілді.
Байқау төрт кезең бойынша ұйымдастырылды:
1. Таныстыру;
2. «Құмыраны гүлге толтыру»;
3. Аппликациялық сурет жасау;
4. «Жаз – керемет жыл мезгілі».
Іс-шара барысында жас суретшілер «Достық» және «Балдырған» топтарына бөлініп, берілген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады. Қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, қиялдарын және өнерге деген қызығушылықтарын танытты.
Байқау соңында Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бағдагүл Дәулетханқызы Алжанбаеваның қолдауымен барлық қатысушылар марапатталып, сый-сияпаттарға ие болды.
Іс-шараның мақсаты: балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету, сурет салу дағдыларын дамыту, логикалық ойлау, есте сақтау және елестету қабілеттерін жетілдіру, сондай-ақ шығармашылық белсенділіктерін арттыру.





