«Даланың дана перзенті» портреттік кеш өтті.
25 мамыр күні Бірлік ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы лангвист-ғалым Олжас Омарұлы Сүлейменовтың 90 жылдығына орай «Даланың дана перзенті» портреттік кеш өтті.
Шара барысында Олжас Сүлейменовтің шығармаларымен танысып, оның поэзиясы мен азаматтық ұстанымына қызығушылық танытты. Сонымен қатар, кітапхана қорындағы автордың кітаптарына шолу жасалып, оқуға ұсынылды.



