«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дәріс өтті.
8 қаңтар күні Ақтөбе ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дәріс өтті.
Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдықты насихаттау, сондай-ақ қоғамда жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері,әкімшілік мамандары қатысты. Шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, алдын алу тетіктері, тәуекелдерді азайту жолдары және адал қызмет қағидалары талқыланды.
Қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.


