“Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлы” атты портрет кеші өтті.
9 қазан күні Көктөбе ауылдық кітапханасында “Ел болып оқимыз” жобасы аясында қазақтың әйгілі әскери қолбасшы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының – 115 жылдығына орай “Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлы” атты портрет кеші өтті. Іс – шараға Жамбыл атындағы орта мектептің 8 сынып оқушылары қатысып, кітапханашы оқырмандарымызға Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен шығармашылығымен таныстырды.



