“Күй өнерінің атасы Дәулеткерей” тақырыбында тарихи круиз өтті.
30 маусым №3 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен күйші-композитор Дәулеткерей Шығайұлының 205 жылдық мерейтойына орай “Күй өнерінің атасы Дәулеткерей” тақырыбында тарихи круиз өтті. Аталған шарада кітапханашы Дәулеткерей Шығайұлы шығармашылығының Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасындағы маңыздылығы мен оның қазақ аспаптық музыкасының дамуына қосқан үлесі жайлы баяндады.
Мақсаты: Ұлы күйшінің мұрасын зерделеу, туған тарихы мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жастар арасында дәстүрлі музыканы насихаттау арқылы ұлттық сананы нығайту.




