“28 cǝyip Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні” мерекесі болып бекітілген.

28 сәуір күні Еңбек адамының қоғамда орны ерекше, абыройы биік. Еңбекқор азаматтардың беделін көтеріп, өнімді еңбек етуге ынталандыру мақсатында әлемде “28 cǝyip Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні” мерекесі болып бекітілген. 28-сәуір Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Шу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Төлегенова дөңгелек үстелді ашып, құттықтап, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың басқару құрылымына тоқталып өтті. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерін сақтау баршаға ортак міндет екенін түсіндірді. Кәсіподақ мүшесі, бөлім меңгерушісі Г.Лахаева баяндама жасады. Кітапханашы Ж.Тлеумбетова «Жұмыс беруші мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін» таныстырып өтті. Жұмысқа қабылдау, еңбек шартын жасау еңбек құқықтарын корғаудың кепілі. Шара соңында № 2 Шу қалалық кітапханасының кітапханашысы Н. Бұламбаева мен Көкқайнар ауылының кітапханашысы Э.Сиыршиеваға кәсіподақ ұйымы атынан мерекеге орай сый сияпат жасалды.