《Жарқ етіп шыққан жарық жұлдыз》атты поэзия кеші өтті.
14 қараша күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен М.Әуезов орта мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын, әнші-сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Үміт Битенованың 60 жылдық мерей тойына орай 《Жарқ етіп шыққан жарық жұлдыз》атты поэзия кеші өтті. Шара барысында кітапханашы жазушының өмір жолымен, шығармаларын таныстырып, оқушылар ақынның қаламынан өрілген «Алғашқы ұстаз» , «Жан құрбым» атты өлеңдерін оқыды.

