«Ән мен жырдың ақбұлағы» атты әдеби кеш өткізілді.
29 мамыр күні Іс-шара барысында кітапханашы Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар қаламгердің көптеген ән мәтіндері мен драмалық шығармалардың авторы екені айтылып, «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ай», «Гүлсің-ау» сынды халық жүрегінен орын алған әндері насихатталды.
Кеш барысында қатысушылар ақынның шығармаларын оқып, әндерін тыңдап, рухани мол әсер алды. Сондай-ақ Бәкір Тәжібаевтың «Қамар сұлу» операсының либреттосын жазғаны туралы мәлімет беріліп, оның өнер саласындағы еңбегі ерекше аталып өтті.
29 мамыр күні №1 Шу қалалық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойына орай «Ән мен жырдың ақбұлағы» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шара барысында кітапханашы Бәкір Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оның қазақ әдебиеті мен мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар қаламгердің көптеген ән мәтіндері мен драмалық шығармалардың авторы екені айтылып, «Жас дәурен», «Ақбұлақ», «Әппағым-ай», «Гүлсің-ау» сынды халық жүрегінен орын алған әндері насихатталды.