«Өзгеше ойлы қаламгер» атты әдеби сағаты өткізілді.
27 қараша күні Көктөбе ауылдық кітапханасында «Бір ел -бір кітап» акциясы аясында қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат әкелген көрнекті қазақ жазушысы, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай «Өзгеше ойлы қаламгер» атты әдеби сағаты өткізілді. Шараға Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты. Іс-шара барысында кітапханашы автордың өмірбаяны, шығармашылығымен таныстырып өтті. Оқушылар жазушының «Менің атым Қожа», «Қайдасың, Гауһар?», «Чемпион», «Балалық шаққа саяхат» сынды алуан түрлі өмірбаяндық шығармаларымен және осы шығармалардың басты кейіпкерлерімен танысып өтті.

