«Өзекті өртер шындық» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.
30 мамыр күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Іс шарада кітапханашы қазақ үшін қайғы-қасіреті, тарих бетінде өз таңбасы қалған бұл жылдарды еш ұрпақ ұмытпақ еместігін, Ақтаңдақ жылдардың құпиясы уақыт өте келе ашылып, ел жадында сақтаулы екенін айтып өтті. Іс шараға Таулы Қарабақ әскери қақтығысының ардагерлері және Е. Бекмаханов мектеп–гимназиясының оқушылары қатысып қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Мақсаты: Білім алушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

