«Әр өлеңі бір әлем» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті.
12 ақпан күні Кітапхананың Білім орталығында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі мен зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен қазақтың лирик ақыны, шынайы поэзия өкілі М.Мақатаевтың 93 жасқа толуына орай, «Әр өлеңі бір әлем» тақырыбында әдеби сазды кеш өтті. Кешті кітапханашылар Ж.Тлеумбетова мен К.Алтыбаева жүргізді. Қазақ поэзиясының нарқасқасы, өмірі өлең, өлеңі өмірге айналған Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш ерекше сезім мен сырға толы болды. Ақын өлеңдерін насихаттау, жастар бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу мақсатында өткен кеш тартымды өтті. Шара барысында қаламгердің «Шеше сен бақыттысың», «Арманым тіріл көз ілген», «Бақыт деген не?» т.б жалынды өлеңдерін кітапхана оқырмандары, С.Шәкіров пен М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушылары жатқа оқып, ақынның «Фариза» әні кітапханада әуелете төгілді. Әдемі кеш әсерлі жырмен, әуезді әнмен есте қалды.

