«Әнімен нәзік, күшімен алып» атты әдеби квилт өтті.

22 қараша күні орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны, жастайынан жұрт назарына ілігіп, есімі шартарапқа жайылған қазақтың атақты ұлы Балуан Шолақ Баймырзаұлының 160 жылдық мерейтойына орай «Әнімен нәзік, күшімен алып» атты әдеби квилт өтті. Аталмыш шарада кітапханашы сегіз қырлы, бір сырлы тарлан аңыз адам Балуан Шолақтың өмірі мен өнерін насихатап, оқырмандардың қызығушылығын оятты.

Возможно, это изображение 21 человек, люди учатся и текст