“Әлемге әйгілі ерке сылқым” атты өмірбаяндық шолу өтті.
13 қыркүйек күні Бәйдібек ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен қазақтың атақты күйші-композиторы Әбдімомын Желдібаевтың 90 жылдығына орай “Әлемге әйгілі ерке сылқым” атты өмірбаяндық шолу өтті. Кітапханашы оқырмандарды жазушының өмірбаянымен таныстырып, композитордың “Ерке сылқым”күйін 10 сынып оқушысы Мақаш Бақберген орындап берді.

