«Әке отбасының тірегі, бақыттың алтын бағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
14 маусым күні аудандық кітапхананының білім орталығында білімгерлер мен асқар тау әкелеріміздің қатысуымен әкелер күніне орай ұйымдастырылған «Әке отбасының тірегі, бақыттың алтын бағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кітапханашының шара барысында қойылған сұрақтары бойынша әкелер өз ойларын ортаға салды. Сонымен бірге бала тәрбиесіндегі отбасындағы әкелердің қомқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар мен келтіре отырып баяндады. Соның ішінде жасөспірімдер арасындағы түрлі келеңсіз оқиғалардың орын алуына тоқталып, интернет және әлеуметтік желілердің, ұялы телефондардың зиянды жақтарын айтып өтті.
Іс-шараның мақсаты: жанұядағы әке мен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру.

