«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын кітапхана қызметкерлер арасында ақпараттық сағат өтті.
4 қыркүйек күні Аудандық орталық кітапхананың Білім орталығында 2 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын кітапхана қызметкерлер арасында ақпараттық сағат өтті.
Жолдау Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына арналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде елдің әлеуметтік тұрмысын жақсартуға арналған экономикалық нақты өзгерістер мен жігерлі әрекеттер керек екендігін атап өтті. Жолдауда аталған барлық тоғыз басымдық осы міндеттерді орындауға бағытталмақ. Сондай-ақ, қоғамдағы заң мен тәртіп идеологиясы ерекше аталып өтті. Азаматтардың құқығын қорғау саласында да көптеген жұмыстар атқарылып жатқандығын тілге тиек етті. Әділетті қоғам құра отырып, дамыған елдермен терезесі тең мемлекетке айналатындығымызды қадап айтты.

