«Ұмытылмас ұлы есім» атты әдеби вернисаж өткізілді.
15 қараша күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 6-сынып оқушыларымен көрнекті жазушы, Алаш қайраткері Бейімбет Майлиннің 130 жыл толуына орай «Ұмытылмас ұлы есім» атты әдеби вернисаж өткізілді.
Іс – шара барысында кітапханашы ақынның өмірі жолы мен шығармашылығын өлеңдері «Бейімбеттің өлеңдері», «Шұғаның белгісі», «Раушан-коммунист», «Он жылда», «Колхоз», «Асулардан асқанда», «Сойқанды содырлар», «Кесінділер», Майдан», «Алыптарды аралағанда» таныстырып өткізілді.Оқушы оқырманымыз А.Ермек, Ә.Ақсақал ақынның өлеңдерінен оқып берді.

