“Ұлы халықтың Ұлы Абайы” атты тақырыбында оқу марафоны өтті.
9 тамыз күні балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 10 тамыз – Абай күніне орай, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, ағартушы, саяси қайраткер “Ұлы халықтың Ұлы Абайы” атты тақырыбында оқу марафоны өтті. Іс – шараға М.Әуезов атындағы орта мектебінің оқушылары қатысып, Абай Құнанбаевтың “Күз”, “Сегіз аяқ”, “Ғылым таппай мақтанба”, “Қыс” өлеңдерін нақышыны келтіре орындады.






