«Ұлттық археология мен этнография мектебінің негізін қалаушы» тақырыбында сәулет өнеріне кітап арқылы саяхат жасалды.
25 қаңтар күні Жаңа жол ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектеп оқушыларымен белгілі әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы Марғұлан Әлкей Хақанұлының 120 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық археология мен этнография мектебінің негізін қалаушы» тақырыбында сәулет өнеріне кітап арқылы саяхат жасалды. Кітапханашы оқырмандарға бар ғұмырын ғылым жолына арнаған тұлғаның түгі жоқ тақыр жерден жаңа ғылымның іргетасын қалаған ерен еңбектері, ғибратты ғұмыры туралы айтып, «Мәдени мұра» серия бойынша шығарылған көп томдық ,суретті шығармаларын таныстырды.

