«Қымбатсың қасиетті туған тілім» атты тәрбие сағаты өткізілді.

18 сәуір күні №2 Шу қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қымбатсың қасиетті туған тілім» атты тәрбие сағаты өткізілді. Кеш барысында «Темір жол» колледж білімгерлері ақындардың тіл туралы жаттап келген өлеңдерін ортаға салды. Кеш соңында кітап сөресі таныстырды. Мақсаты: Білімгерлерге өз халқымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын, қадір-қасиетін ұғындыру.

Нет описания фото.