“Қылыштан өткір,құрыштан берік-домбыра”атты әдеби әуенді кеш өтті.
2 шілде күні Төле би ауылдық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастырумен “Ұлттық домбыра күніне” арналған “Қылыштан өткір,құрыштан берік-домбыра”атты әдеби әуенді кеш өтті .Іс-шара барысында кітапханашы тарихымызды қос ішегіне сыйдырған ұлы аспап туралы мәлімет беріп, саз мектебінің оқушылары М.Айтжанқызы Ә.Желдібаевтың “ Ерке сылқым” күйін орындаса, “Аруым” би тобы биден шашу шашты. Мақсаты:Оқушыларға Қазақтың киелі қара домбырасының шығу тарихы жайлы және домбыраның қадір -қасиеті жайлы мағлұматтар беру.

