«Қазақтың жалынды жазушысы» І Есенберлин-110 жылына орай әдеби портрет өтті.
23 қаңтар күні Тасөткел ауылдық кітапханашысының ұйымдастыруымен «Қазақтың жалынды жазушысы» І Есенберлин-110 жылына орай әдеби портрет өтті.
Қазақ елінің тағдыры мен тарихы туралы келелі ой қозғаған Ілияс Есенберлин – қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінің тарихында бүгінге дейін ең көп роман жазған жазушы.

