«Қазақтың көрнекті ғалымы» тақырыпта өмірбаяндық шолу өткізілді.

25 қыркүйек күні Далақайнар ауылдық кітапханасында Т.Әшімбаев орта мектебінің 5 сынып оқушыларының қатысуымен тарихшы Әлкей Марғұланның 120 жылдығына орай «Қазақтың көрнекті ғалымы» тақырыпта өмірбаяндық шолу өткізілді.

Іс –шара барысында кітапханшы оқушыларға Әлкей Марғұланның өмірі мен еңбек жолы жайлы, зерттеген ғылыми еңбектерімен таныстырып, академиктің жүріп өткен өнегелі де тағылымға толы өмір жолына, елі үшін жасаған ерен еңбектеріне шолу жасады. Әлкей Марғұлан ғалым ғана емес, этнография, шығыстану, тарих, әдебиеттану, өнер саласында аянбай еңбек еткен тұлға екенін айтып, оқырмандар Ә. Марғұлан туралы көп ақпарат алып, кітапханашы кітап қорындағы әдебиеттермен таныстырды.

Возможно, это изображение 20 человек, люди учатся, детская игрушка и текст