«Қазақтың көркемсөз шебері» атты сыр кеші өткізілді.

20 қараша күні Көктөбе ауылдық кітапханасында қазақтың аса көрнекті суреткер жазушысы, ақын, драматург, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай «Қазақтың көркемсөз шебері» атты сыр кеші өткізілді. Іс шара барысында кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығын таныстырып, әдебиетіміздің поэзия, проза, драматургия саласында жемісті еңбек етіп көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырғанын айтып өтті. Сонында Жамбыл атындағы орта мектебінің оқушылары Шаңбай Балым «Көңіліме», Анарбек Айару «Ел қорғаны», Еркін Жәния «Мұқтаждық» ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Возможно, это изображение 15 человек, люди учатся, больница и текст