«Қазақтың бұлбұл әншісі» атты өмірбаяндық шолу өтті.
5 желтоқсан күні Қонаев ауылдық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Д.Қонаев орта мектебінде,9-сынып оқушыларының қатысуымен Қазақстанның халық әртісі,Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты,академик,қазақтың бұлбұл әншісі Бибігүл Төлегенованың 95-жасқа толуына орай «Қазақтың бұлбұл әншісі» атты өмірбаяндық шолу өтті.Кітапханашы оқырмандарға күміс көмей,жез таңдай әншінің өмірі мен өнердегі жетістіктері туралы айтып,фотоларына шолу жасады.

