“Қазақ тарихының жаршысы” атты әдеби кеш өткізілді.
9 қаңтар күні Ақсу ауылдық кітапхана қызметкерінің ұйымдастыруымен Ж.Баласағұни атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушыларымен Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, “Еңбек Қызыл Ту”, “Құрмет белгісі” орден, медальдарымен марапатталған жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жыл мерейтойына орай “Қазақ тарихының жаршысы” атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында кітапханашы жазушының өмірбаянымен шығармалары “Адамгершілік жыры”, “Біржан сал”, “Адам мәңгілік”, “Сұлтан”, “Айша”,”Көшпенділер” тоқталып, кітап сөресімен таныстырды.

