“Қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтеруші хас тұлға” атты өмірбаяндық шолу өтті.
24 сәуір күні Ақтөбе ауылдық кітапханасында “Ел болып оқимыз” жобасы аясында ақын Маралтай Ыбыраевтың 55 жасқа толуына орай “Қазақ поэзиясын жаңа деңгейге көтеруші хас тұлға” атты өмірбаяндық шолу өтті.
Шара барысында кітапханашы оқушыларға ақынның өмірбаянымен таныстырып, “Тарпаң”,” Аруана” атты жыр жинағынан алынған таңдаулы өлеңдері мен поэмасынан үзінділер оқылды.



